Нұсқаулық 8 / 8
Жазылым және төлем
Жазылымды Kaspi арқылы қалай төлеуге не ұзартуға, тарифті қалай ауыстыруға болады және төлем кешіксе не істеу керек.
Оқуға 3 мин Жаңартылды: Бейне және 7 қадам
Жазылым әр дүкенге бөлек төленеді: Kaspi арқылы бір төлем — ботқа тағы 30 күн. Ақша өздігінен алынбайды: Kaspi-де төлемді өзіңіз растағанда ғана шегеріледі.
Қайда төлеуге болады
Сол жақ мәзірдегі «Биллинг» бөлімін ашыңыз, телефонда — төмендегі «Биллинг» қойындысын. «Жазылым және төлем» бетінде үш қойынды бар: «Төлем», «Тариф» және «Тарих».
Дүкеніңіз бірнешеу болса, алдымен қайсысын төлейтініңізді таңдаңыз — «Қай дүкенді төлейміз?».
Қалай төлеу керек
- Тарифті таңдаңыз. Әрқайсысының 30 күндік бағасы мен лимиттері жазылған: тауар, қала және турбо-юнит саны. Қазіргі тарифіңіздің қасында «Ағымдағы» деп тұрады.
- «Төлемге өту» түймесін басып, соманы тексеріңіз. Баға 10 минут бойы өзгермейді.
- Сома жазылған «төлеу» түймесін басыңыз — Kaspi арқылы төлем ашылады.




- Төлемді Kaspi.kz-те растаңыз:
- компьютерде — Kaspi.kz қолданбасын ашып, Kaspi QR басыңыз да, камераны экрандағы кодқа бағыттаңыз;
- телефонда — «Kaspi.kz ашу» түймесін басып, төлемді қолданбада растаңыз. Kaspi ашылмаса, «Төлем бетін ашу» басыңыз — бұл сол төлем. Басқа телефоннан төлейсіз бе — «Басқа телефоннан төлеу» басыңыз, QR-код шығады.
- Kaspi төлемді растаған соң «Дайын! Жазылым ұзартылды» деген жазу мен жаңа аяқталу күні шығады.


Төлемнен кейін бот өздігінен іске қосылмайды. Жазылым бұған дейін жұмыс істемей тұрса, дайын болғанда дүкен бетінде «Бот жұмысы» ауыстырғышын қосыңыз.

Төлем кезінде бетті жаба беруге болады: біз төлемді тексеруді жалғастырамыз, ол «Тарих» қойындысында көрінеді. Аяқталмаған төлемді сол жерден қайта ашуға болады — «Төлемді ашу».
Ұзарту және тарифті ауыстыру
- Сол тариф — ағымдағы мерзімге 30 күн қосылады, қалған күндер жоғалмайды.
- Басқа тариф — төлегеннен кейін бірден 30 күнге іске қосылады. Қазіргі жазылымның пайдаланылмаған бөлігін бағадан шегереміз: күн көп қалса, аз төлейсіз. Нақты соманы төлемес бұрын көресіз.
- Қалдық — пайдаланылмаған бөлік жаңа тарифтің бағасынан көп болса, айырмасы дүкен балансында сақталып («Осы дүкен үшін қолжетімді қалдық»), келесі төлемге есептеледі. Қалдық бүкіл тарифке жетсе, QR керек емес — «Қалдық есебінен растау» басыңыз.
Жаңа тарифтің тауар лимиті аз болса, бот тек лимитке сыйған тауарларды бақылайды. Қолдау қызметі қосып берген қосымша қалалар мен турбо-юниттер төлемнен кейін сақталады.
Төлем кешіксе
| Не көріп тұрсыз | Не істеу керек |
|---|---|
| «Kaspi жауабын күтеміз» | Банк нәтижені әлі жібермеді — бұл төлем өтпеді деген сөз емес. Қайта төлемеңіз. Күйі өзі жаңарады, «Күйін жаңарту» басуға да болады. |
| «Төлем уақыты өтті» | Ұсыныстың мерзімі төлемге дейін бітіп қалды. Тарифті қайта таңдаңыз. |
| «Банк төлемді қабылдамады» | Ақша алынған жоқ. «Жаңа төлем немесе ұзарту» басыңыз. |
| «Төлем алынды» | Ақша түсті, бірақ төлеп жатқанда жазылым шарттары өзгерді. Бізге жазып, төлем нөмірін айтыңыз — қолдау қызметі тексереді. Қайта төлемеңіз. |
| «Бұл дүкенге онлайн төлем қолжетімсіз» | Бұл дүкенге онлайн төлем әзірге қосылмаған. Бізге жазыңыз — қосып береміз. |
Промокодтар
Промокодтар бұрынғыдай жұмыс істейді. Кодты дүкенді қосқанда немесе «Сатушылар» бөліміндегі дүкен картасында енгізуге болады: «Жазылым және лимиттер» → «Промокод» → «Кодты енгізу».