Барлық нұсқаулық 4 / 8

Нұсқаулық 4 / 8

Турбо режим

Турбо режим деген не, не үшін керек, оған қанша тауар қоюға болады және ақылды турбо қалай жұмыс істейді.

Оқуға 4 мин Жаңартылды: Бейне және 5 қадам

Турбо режимде таңдалған тауарлардың бағасы әр 1–5 минут сайын тексеріліп, жаңартылады. Баға Kaspi-ге жалпы жүктемені күтпей, әр тауар бойынша бірден жіберіледі.

Не үшін керек

Қарапайым режимде 1-орында тұрсаңыз, бот тексеруді сиретеді. Ал бәсекесі қызу тауарларда бәсекелестер бағаны жиі өзгертеді — екі тексерудің арасында 1-орынды, онымен бірге тапсырыстарды жоғалтып алуыңыз мүмкін.

Турбо мына тауарларға керек:

  • қызыл немесе қызғылт сары найзағай белгісі барларға (төменде қараңыз) және «24 сағатта 1-орынды жоғалтқан» сүзгісіне түскендерге;
  • ең көп тапсырыс әкелетіндерге;
  • бірнеше белсенді бәсекелеспен таласып отырғандарға.

Басқа тауарларға қарапайым режим де жетеді.

Турбоға қандай тауарларды қою керек

Тауарлар тізімінде қала атауының қасында найзағай белгісі тұруы мүмкін. Ол осы қалада тауар бойынша бәсеке қаншалықты қызу екенін көрсетеді. Тінтуірді найзағайдың үстіне апарсаңыз, кеңес шығады.

НайзағайНе болып жатырТурбо
қызыл1-орыннан жиі айырыласыз. Кеңес: «Бәсекелестік жоғары — турбо режимі ұсынылады».Бірінші кезекте қосыңыз
қызғылт сары1-орын үшін тартыс жүріп жатыр, бот бағаны әр 5 минут сайын тексереді.Орын бос болса, қосыңыз
сарыБәсекелес белсенді, баға әр 12–15 минут сайын тексеріледі.Әдетте қажет емес
көкБәсекелес бар, баға 30 минутта бір рет тексеріледі.Қажет емес

Найзағай жоқ болса — бәсекелес аз, турбоның қажеті жоқ.

Тауарды өзіңіз таңдағыңыз келмей ме? Ақылды турбоны қосыңыз — бот ондай тауарларды өзі тауып береді.

Қызыл ⚡ — 1-орынды жиі жоғалтасыз. Мұндай тауарларға турбо керек

Дүкен тақырыбындағы «Турбо: 3» — бұл тауар саны емес, тарифіңіздегі турбо-юниттер саны.

Юниттер мен аралық

Әр тарифте турбо-юниттер бар. Турбоға қанша тауар қоя алатыныңыз юнит саны мен аралыққа байланысты:

турбодағы тауар саны = юниттер × аралық (минутпен)

Аралық3 юнит
1 мин3 тауар
2 мин6 тауар
3 мин9 тауар
4 мин12 тауар
5 мин15 тауар

Аралық ұзарған сайын турбоға көбірек тауар сыяды. Мысалы, бүгін 3 тауарды әр минут сайын, ертең 15 тауарды әр 5 минут сайын жаңартуға болады.

Kaspi бір дүкенге 30 минут ішінде 250-ден көп турбо-жаңартуға рұқсат бермейді. Бұл — Kaspi-дің техникалық шектеуі, лимит оны да ескереді.

Бір тауарға бірнеше қалада турбо қосылса да, ол бір тауар болып есептеледі. Тарифіңізде қанша юнит бар екенін тарифтерден қараңыз.

Қалай қосу керек

  1. Дүкен бетінде «Турбо-аралықты» таңдаңыз. Қасында турбоға неше тауар қоюға болатыны жазылады. Бастапқыда — 1 минут.
  2. Тауарлар тізімінде керекті тауар мен қаланың «Турбо» белгісін қойыңыз. Көп тауарға бірден қою үшін — «Жаппай әрекеттер» → «Барлығына турбо».
«Турбо-аралықты» таңдаңыз: 5 минут — 3 юнитпен 15 тауарға дейін
Қызыл ⚡ бар тауардың «Турбо» белгісін қойыңыз
Содан кейін — қызғылт сары ⚡ бар тауарлар, бос орын болғанша

Тауарды бақылаудан шығарсаңыз, оның турбосы да өшеді.

Ақылды турбо

Ақылды турбо турбо-орындарды қай тауарларға беру керек екенін өзі шешеді. Тауарларды қолмен таңдап отырудың қажеті жоқ: бот әр 15 минут сайын турбоны дәл қазір тартыс жүріп жатқан тауарларға береді.

Қосу үшін дүкен бетінде «Турбо-аралықтың» қасындағы «Ақылды турбо» ауыстырғышын қосыңыз. Сонда дүкен тақырыбында «Ақылды турбо» белгісі шығады.

Дүкен бетінде «Ақылды турбо» ауыстырғышын қосыңыз
Дүкен тақырыбында «Ақылды турбо» белгісі пайда болады

Бот әр 15 минут сайын:

  • турбоны қосады — сіз 1-орында емес, тартыс жүріп жатқан тауарларға. Алдымен қызыл ⚡ бар тауарлар мен 1-орыннан жаңа ғана айырылған тауарлар алады;
  • турбоны алып тастайды — ол көмектеспейтін жерден: бағаңыз ең төменгіде тұр, ал бәсекелес одан да арзан сатып отыр;
  • тауарларды ауыстырады — әлдеқайда қызу тауар пайда болса. Алдымен 1-орынды тыныш ұстап тұрған тауар шығады. Әр тауар нәтиже беріп үлгеруі үшін турбода кемінде 30 минут тұрады;
  • орын босатады — тариф ауысып, орын азайса, ең тыныш тауарлардан турбоны алып тастайды.
Әр 15 минут сайын бот таласқа түскен тауарларға турбо қояды

Білу маңызды:

  • Ақылды турбо қосулы тұрғанда «Турбо» мен «Барлығына турбо» белгілерін қолмен өзгерте алмайсыз. Тауарды өзіңіз таңдағыңыз келсе, ақылды турбоны өшіріңіз.
  • Турбоға қанша тауар сыятыны бұрынғыдай юниттер мен аралыққа байланысты. Ақылды турбо тек сол орындарды қай тауарлар алатынын шешеді.
  • Бот тек қосулы («Қосу») тауарлармен жұмыс істейді. Ең төменгі бағаларды міндетті түрде қойыңыз: ақылды турбо солар арқылы қай жерде таластың пайдасы жоқ екенін біледі.
  • Турбо тауардың барлық қаласында бірге қосылып, бірге өшеді.
«Турбо» белгілерін енді бот басқарады — оларды қолмен ауыстыруға болмайды

Жиі кездесетін қателер

  • «Турбо автоматты түрде басқарылады» — ақылды турбо қосулы тұр. Турбоны қолмен өзгерту үшін оны дүкен бетінде өшіріңіз.
  • «Бұл аралық үшін ең көбі N турбо-тауар» — аралықты қысқарттыңыз, бірақ турбода ол сыйғызатыннан көп тауар тұр. Артық тауарлардан турбоны алып, қайталап көріңіз.
  • Турбо қосқанда «Тауарлар лимитіне жеттіңіз» — барлық турбо-орын толы. Басқа тауардан турбоны алыңыз немесе аралықты ұзартыңыз.

Сұрақтарыңыз қалды ма?

Бізге жазыңыз — дүкенді қосып, ботты баптауға көмектесеміз.

Немесе қоңырау шалыңыз: +7 777 989 8938