Барлық нұсқаулық 2 / 8

Нұсқаулық 2 / 8

Дүкенді қалай қосуға болады

KASPIRACE-ке кіру, Kaspi дүкенін SMS арқылы қосу және қалаларды таңдау.

Оқуға 2 мин Жаңартылды: Бейне және 10 қадам

Қосу бірнеше минутқа ғана созылады. Сізге қажет:

  • Kaspi сатушы кабинетіне кіретін телефон нөміріңіз;
  • промокод. Промокодыңыз болмаса, FREETEST енгізіңіз — 3 күн тегін.

1. KASPIRACE-ке кіріңіз

  1. app.kaspirace.kz сайтын ашып, «Google арқылы жалғастыру» түймесін басыңыз.
  2. Жаңа пайдаланушылар байланыс телефонын жазып, келісім береді. Бұл нөмір арқылы біз сізбен сервис бойынша хабарласамыз — оны Kaspi-ге кіретін нөміріңізбен шатастырмаңыз.
Google арқылы кіріңіз
Байланыс телефонын қалдырып, келісімді белгілеңіз

2. Дүкен қосу терезесін ашыңыз

Басты беттегі «Дүкен қосу» немесе «Сатушылар» бөліміндегі «Сатушы қосу» түймесін басыңыз. Қосу терезесі ашылады.

«Дүкен қосу» басыңыз

3. Kaspi-ге кіруді растаңыз

«Телефон» қойындысында:

  1. Kaspi кабинетіне кіретін нөміріңізді жазыңыз.
  2. «SMS жіберу» түймесін басыңыз.
  3. Келген кодты «SMS код» өрісіне жазып, «Жалғастыру» басыңыз.
Kaspi кабинетіне кіретін нөміріңізді енгізіп, «SMS жіберу» басыңыз
SMS кодын енгізіп, «Жалғастыру» басыңыз

Код қате болса немесе уақыты өтіп кетсе, «Өзгерту» басып, SMS-ті қайта сұратыңыз.

Кабинетке поштамен кіретін болсаңыз, «Email» қойындысын таңдап, кабинеттің поштасы мен құпия сөзін жазыңыз. Kaspi поштаңызға код жіберуі мүмкін — оны «Хаттағы код» өрісіне енгізіңіз.

4. Дүкенді таңдаңыз

KASPIRACE осы кабинетке тіркелген барлық дүкенді көрсетеді. Керегін таңдап, «Жалғастыру» басыңыз. «Бұрын қосылған» деген белгісі бар дүкен бізде бұрыннан қосылған.

Дүкенді таңдап, «Жалғастыру» басыңыз

5. Қалаларды таңдап, промокод енгізіңіз

  1. «Қалалар» бөлімінде тауар сататын қалаларыңызды белгілеңіз. Алматы бастапқыда таңдалып тұрады. Қанша қала таңдауға болатыны тарифке байланысты. Неге бірнеше қала таңдаған дұрыс.
  2. Промокодты жазып, «Тексеру» басыңыз.
  3. «Сатушы қосу» түймесін басыңыз.
Сатылым жүретін қалаларды белгілеңіз
Промокодты енгізіп, «Тексеру» басыңыз
«Сатушы қосу» басыңыз — бір минутқа дейін созылады

Дүкен бір минуттың ішінде қосылады.

Әрі қарай не болады

Дүкен қосылған соң KASPIRACE тауарларыңызды жүктей бастайды — бұл кезде «Импорт…» деген жазу тұрады.

Дүкен қосылды. Тауарлар жүктелуде — енді оларды қосыңыз

Барлық тауар өшірулі күйде жүктеледі. Сіз тауарларды қосып, «Бот жұмысын» іске қоспайынша, бот бірде-бір бағаға тиіспейді.

Бірдеңе дұрыс болмаса

Дүкен күйіНе істеу керек
«Жазылым жоқ»«Биллинг» бетінде жазылымды төлеңіз немесе промокод енгізіңіз: «Жазылым және лимиттер» → «Кодты енгізу».
«Мерзімі өтті»«Биллинг» бетінде жазылымды ұзартыңыз немесе жаңа промокод енгізіңіз.
«Авторизация қатесі»Kaspi кіруге рұқсат бермеді. «Кіру деректерін өзгерту» түймесін басыңыз.
«Хаттан код керек»«Кодты енгізу» басып, Kaspi хатпен жіберген кодты жазыңыз. Код шамамен 3 минут жарамды. Код енгізілгенше бот тоқтап тұрады.

Дүкен KASPIRACE-тегі басқа аккаунтқа қосылып қойған болса, бізге жазыңыз — көшіріп береміз.

Сұрақтарыңыз қалды ма?

Бізге жазыңыз — дүкенді қосып, ботты баптауға көмектесеміз.

Немесе қоңырау шалыңыз: +7 777 989 8938